Заң • Бүгін, 12:22

Салық төлемегені үшін 4 жылға сотталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада кәсіпкер Юн Олегке қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.

Салық төлемегені үшін 4 жылға сотталды

Ол мемлекет бюджетіне төленуі тиіс салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтарып, декларацияларға кірістер мен шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған деректерді еңгізіп, мемлекетке 326 368 823 теңге көлемінде залал келтірген.

Апелляциялық сот үкімімен Юн Олегті Қылмыстық кодекстің 245-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалып, мемлекетке келтірілген залалды өндіру міндеттелді.

Сонымен қатар азаматтық талапты қамтамасыз ету мақсатында құны 22 440 000 теңге тұратын «LEXUS LX 570» автокөлігі және жалпы құны 49 266 874 теңге болатын 13 бірлік арнайы техникаға тыйым салу шаралары сақталған.