Әлем • Бүгін, 16:44

Қай ел кофені көп ішеді?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемде кофе нарығы күн санап өсіп жатқанымен, әр елдің тұтыну көрсеткіші түрліше. Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесінде Солтүстік Еуропа елдерінде кофені жиі ішетіндер көп екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Қай ел кофені көп ішеді?

Фото: ru.freepik.com

Рейтингтің алдыңғы орнын Люксембург иеленген. Аталған елде бір адам күніне орта есеппен бес шыныаяқ кофе ішеді екен. Люксембургтің көрсеткіші ірі экономикалық державалардан озып тұр. Себебі мұнда ежелден қалыптасқан кофе ішу мәдениеті қалыптасқан. Сондай-ақ халқының 47 пайызы елден тыс жұмыс істейді. Шетелде жұмыс істейтін Люксембург халқының кофе тұтынуы да сол ел еншісіне есептелген. Люксембургте 1 шыныаяқ кофе құны – 3.60 доллар. 

Екінші сатыда Финляндия мемлекеті тұр. Финляндия халқы тәулігіне шамамен 3.77 шыныаяқ кофе ішеді екен. Үшінші орынға Швеция халқы жайғасқан. Швециялықтар күніне 2.59 шыныаяқ кофе ішуді әдетке айналдырған. Бұл елде 1 шыныаяқ кофе орташа есеппен алғанда 3.70 доллардан саудаланады. 

Тізімнің алғашқы ондығында жоғарыда аталған елдерден бөлек Норвегия, Аустрия, Дания, Швейцария, Нидерланды, Грекия, Германия мемлекеттері бар. Бұл жеті елде 1 шыныаяқ кофе 3.10 – 5.40 доллар шамасында саудаланады. 

Алпауыт Америка Құрама Штаттары тәулігіне орташа есеппен 1,22  шыныаяқ кофе тұтыну көрсеткішімен жалпы есепте 24-ші орында. Консервіленген кофе мәдениеті қалыптасқан Жапония жұрты күніне орташа есеппен бір шыныаяқтан аз кофе тұтынады. Әлемдегі ең ірі кофе өндіретін Бразилиялы халқы күніне 1,58 шыныаяқ кофе ішетіні анықталды. Жалпы есепте ел 18-ші орында тұр.

Талдауға қатысқан 65 елдің ішінде Үндістан соңғы орынға жайғасқан. Үндістандықтар тәулігіне жан басына шаққанда 0,02 шыныаяқ кофе тұтынады. Ал 1 шыныаяқ кофенің бағасы – 1.83 доллар.