Аймақтар • Кеше

Төрт өңірде күнбағыс майы күрт қымбаттады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде күнбағыс майын өндіру көлемі бесінші жыл қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Төрт өңірде күнбағыс майы күрт қымбаттады

Биылғы қаңтар-қазан айларында 622 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4%-ға көп. Бір жыл бұрын өсім 18,5% болған еді.

Өндірістің 488,6 мың тоннасы тазартылмаған күнбағыс майына тиесілі. Ал тазартылған май өндірісі 133,5 мың тоннаны құрап, бір жылда 15,2%-ға артты.

Елдегі зауыттар ішкі нарық пен экспортты қоса есептегенде сұраныстың 84,1%-ын қамтамасыз етті (2024 жылдың осы кезеңінде  87%). Импорт үлесі 13%-дан 15,9%-ға өсті, ал көлемі бірден 59,3%-ға көбейіп, 98,8 мың тоннаға жетті.

Күнбағыс майының экспорты да артты. Биылғы қаңтар-тамызда ол 47%-ға өсіп, 444,3 мың тонна болды. Ішкі нарықтағы өткізу көлемі бар болғаны 1,6%-ға өсіп, 178,4 мың тоннаны құрады.

Халық тұтыну көлемі де ұлғайды. Биылғы қаңтар-маусымда әрбір қазақстандық орта есеппен 7 литр күнбағыс майын тұтынды. Бұл 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 1,7%-ға көп. Бұған дейін, керісінше, тұтыну 2,1%-ға азайған еді.

2025 жылдың қазан қорытындысы бойынша күнбағыс майы бір айда 0,2%-ға қымбаттады. Айта кетсек, қыркүйекте өсім 1,2% болса, 2024 жылдың қазанында 2,4% болған. Күнбағыс майының бағасы 15 ай қатарынан үздіксіз өсіп келеді. Ең елеулі қымбаттау биылғы қаңтарда тіркеліп, бірден 3,9%-ға қымбаттаған.

Барлық өңірде баға көтерілген. Ең жоғары қымбаттау Қарағанды облысында (34,2%), Ақтөбе облысында (33%), Ұлытау облысында (33%) тіркелген.

Ең төмен өсім Астанада (16,9%), сондай-ақ Түркістан (18%) және Ақмола (18,7%) облыстарында тіркелді.

2025 жылдың қазан айында 1 литр күнбағыс майының орташа бөлшек бағасы – 847 теңге болды.

Ең қымбат баға келесі қалаларда байқалды:

  • Жезқазған – 945 тг

  • Ақтау – 908 тг

  • Алматы – 903 тг

  • Астана – 901 тг

  • Қонаев – 900 тг

Май бағасы арзан сатылған қалалар:

  • Түркістан – 769 тг

  • Шымкент – 773 тг

  • Көкшетау – 792 тг