Заң • Кеше

Рудныйда ономастикаға қатысты жиында бұзақылық жасаған әйел жауапкершілікке тартылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция Рудный қаласының тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.

Рудныйда ономастикаға қатысты жиында бұзақылық жасаған әйел жауапкершілікке тартылды

21 қараша күні Рудныйдағы екі көшенің атауын өзгертуге қатысты өткен отырыста жергілікті автомектептің директоры Екатерина Корчагина  белгіленген регламентті бұзып, дөрекі және әдепсіз сөздер қолданған, осылайша көпшілікке құрмет көрсетпей, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Әлгі әйелдің бұл қылығы артынша әлеуметтік желіде тарап кетіп, көптің наразылығын туғызды.

Әкімшілік сот бұзақы әйелге 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Полиция азаматтарды қоғамдық іс-шаралар өткізу кезінде мінез-құлық нормаларын сақтауға және белгіленген ережелерді ұстануға шақырады.

Қостанай облысы