АСТАНА. 9 мамыр. Ақтөбе маңындағы Бестамақ ауылында келеңсіз оқиға болды. Нақты айтсақ, жеткіншектер ауылдағы қорымды қиратып кеткен. Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлады.
Желіккен жастар бейіт басындағы гранит ескерткіштерді қиратып, алқагүлдерін таптап, қоршаулары мен крестерін сындырып тастаған. Қорымды қорлаған бұзақылар бірден ұсталды. Олар жастары небәрі 13-14-тегі Бестамақ ауылының балалары болып шықты. Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектердің бұл әрекетке не үшін барғандары белгісіз. Алайда, осы ессіз қылықтарымен олардың талайдың жанын жаралағандары анық.
Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, ұсталған жеткіншектердің барлығы өз кінәларын толық мойындарына алған.
Бейіт басындағы бұл бассыздық туралы актөбелік тұрғынның бірі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған. Парақшада: «Бүгін таңда әпкем хабарласып, Бестамақтағы қорымда әжемнің басына қойған ескерткішті сындырып кеткені туралы жылап тұрып айтты. Бейіт басына келгенде – жағамызды ұстадық. Бұзақылар ескерткішке ақ бояу жағып, бірнеше бөлікке сындырып кеткен. Бейіттің жанында тұрған гүл салатын құмыра да қирап жатыр. Гүлдердің бәрі қопарылған. Ыдыстар сынып, бұзақылар өзге бір икондарды қалдырып кеткен. Бейіттен үлкен көлемді аяқ киімнің іздері анық көрінеді. Біз осылай қирап жатқан 12 бейітті санап шықтық. Оның барлығы қара мәрмәрдан тұрғызылған ескерткіштер. Бұзылған тағы 4 бейіттің басында крест болған. Бұл сотқарларды табады деген сенімдемін. Ескерткіш пен қоршауға кеткен ақша да маңызды емес. Тек осындай бассыздыққа барғандардың көзіне қарағым келеді!», – деп жазылған.
Қорымның қирап жатқаны туралы 2 мамыр күні белгілі болды. Жәбірленушілер оқиға орнына бірден полиция қызметкерлерін шақыртады. Тәртіп сақшылары гранит тастардан саусақ таңбаларын түсіріп, Бестамақ ауылының тұрғындарынан жауап алды. Қазіргі таңда бұл келеңсіз жайтқа қатысты «Вандализм» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: aktobetimes.kz.
Сурет: rubsev.ru.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25