Тұрғындарының жалпы саны 500 мыңнан сәл ғана асатын облыста осынша тәртіп бұзушының болғаны шектен шыққан жағдай екені көрініп тұр.
Ю.Клыков бұл деректер алты күнге созылған «Заң және тәртіп» ұстанымын бекіту мақсатымен «Қауіпсіз жол» республикалық шарасын жүргізу барысында анықталғанын жеткізді. Тәртіп бұзушылар арасында 18 жүргізушінің ішімдік ішіп алып машина жүргізгені мәлім болған. Шара барысында облыс аумағындағы 155 автопатрульдер мен бекеттерде 672 полиция қызметкері рейд жүргізген.
Сонымен қатар рейдте интернет арқылы аппараттық-бағдарламалық кешендермен, «кибершериф» мобильді кешені және пилотсыз ұшу аппараттарымен «жасырын патрульдеу» жасалған. Әрине, жол тәртібін бұзушылықтың негізгі бөлігі рөлде бара жатып қалтафонмен сөйлесу (124), қауіпсіздік белдігін тақпау (234), жаяулардың тиісті жерден өтпеуі (180) сияқтылар.
Есепке енгізгенде осының бәрі жол тәртібін бұзу болып шыға келген.
Солтүстік Қазақстан облысы