Инфрақұрылым • Бүгін, 09:41

Жолдың стратегиялық даму бағыттары талқыланды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада өткен «Kaztraffic-2025» көрмесі аясында «Жолдар және инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында 20 елдің сарапшылары жол саласының стратегиялық даму бағыттарын талқылады, деп жазады Egemen.kz

Жолдың стратегиялық даму бағыттары талқыланды

Конференция саланың ең үлкен кәсіби оқиғасының бірі ретінде жетекші ғалымдар мен инженерлерді, мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдар өкілін біріктірген маңызды алаңға айналды.

Іс-шараны Көлік министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) ұйымдастырды. Министрлік тапсырмасына сәйкес, «ҚазжолҒЗИ» автожол саласына жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерді енгізу бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Институт әлемдік тәжірибені зерттеп, негізгі инновацияларды талдап, оларды отандық жағдайға бейімдеудің мүмкіндіктерін бағалайды. Сөйтіп, параллельді түрде еліміздегі жол саласының ғалымдары өздерінің әзірлемелерін жүргізіп келеді.

«Бүгін автожол саласының дамуына арналған бөлек бағдарламаны қалыптастырып отырмыз, онда көлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен құрылыс саласында ең жаңа технологияларды енгізуді жоспарлап жатырмыз», деді Көлік вице-министр Мәқсат Қалиақпаров.

Конференцияға АҚШ, Түркия, Ресей, Италия мен Еуропалық одақ елдері, барлығы 20-ға жуық мемлекеттің салалық сарапшылары қатысты. Олар жол саласының құрылыс пен күтіп ұстау саласындағы жаңа әзірлемелер мен әдістерді таныстырды.

Отандық әрі шетелдік қатысушылар маңызды іс-шарада жол секторын дамытудағы басты мәселелерді талқылады. Басты назарда қауіпсіз жолдар, стандарттау мен сапа бақылауы, интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу мен цифрландырылуы, сондай-ақ жолдарды қысқы уақытта күтіп-ұстау сияқты саланың дамуындағы маңызды бағыттар болды. Бұл мәселелер әсіресе қатал климаттық жағдайы бар елдер үшін аса өзекті.

Конференция ғылыми шешімдер мен өндірістік тәжірибелерді біріктіріп, жол саласының ең өткір мәселелерін шешудің ортақ көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. «ҚазжолҒЗИ» өкілдері отандық әзірлемелердің бүгінгі таңда сала трансформациясының маңызды бөлігіне айналып, тәжірибеде нақты нәтижелер көрсетіп жатқанын атап өтті.

«ҚазжолҒЗИ» әзірлейтін материалдар мен технологиялар қазіргі уақытта тәжірибелік пайдалануға енгізіліп жатыр. Алынған нәтижелер олардың тиімділігін нақты жағдайда растап отыр.

Қазірдің өзінде отандық жол ғылыми зерттеулері, жолдарды күтіп ұстау мен жаңа объектілер құрылысында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті шешімдер ұсынып отыр. Конференцияда «ҚазжолҒЗИ» ғалымдары әзірлеген бірқатар отандық қоспалар мен материалдарды таныстырдық. Біз бұл технологияларды белсенді түрде енгізіп жатырмыз әрі алғашқы нәтижелер олардың тиімділігін нақты жағдайда көрсетіп отыр», дейді «ҚазжолҒЗИ» ғылымды және инновацияларды дамыту департаментінің директоры Адия Жұмағұлова.

Отандық әзірлемелер қатарында ғалымдар көктайғаққа қарсы материалдар, топырақ тұрақтандырғыштар мен жол жамылғыларының төзімділігін арттыруға бағытталған инновациялық қоспаларды ерекше атап өтті. Бұл шешімдер жол активтерінің қызмет ету мерзімін ұзартуға әрі пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. Технологияларды жергіліктендіру еліміздің салалық тәуелсіздігін нығайтып, халықаралық нарыққа отандық өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.