Заң • Бүгін, 10:34

«Дикий Арман» ісі бойынша апелляциялық сот өтті. Үкім өзгерді ме?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қаңтар оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны сынды бірнеше бап бойынша бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиевтің ісі апелляциялық тәртіпте қаралды, деп жазады Egemen.kz.

«Дикий Арман» ісі бойынша апелляциялық сот өтті. Үкім өзгерді ме?

Фото: kaz.inform.kz

Алматыда жабық режимде өткен апелляциялық сот Арман Жұмагелдиев, бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-ның бесінші департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа тағайындалған жазаны өзгеріссіз қалдырды. 

Айта кетейік, 2025 жылдың 27 қаңтарында сот Арман Жұмагелдиевті қылмыстық топ құрып, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып,  24 адамды ұрлағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған болатын.

Ал Қ. Құдайберген – 8 жылға, ал Р. Ысқақов – 15 жылға сотталған еді. Апелляциялық алқа аталған айыпталушыларға қатысты да бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертпеді.