Білім • Бүгін, 11:00

Білім саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова эксперттік қауымдастықпен отандық IT мамандардың ЕdTex саласындағы инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ж.Сүлейменованың айтуынша, Президент тапсырмасымен елімізде алғаш рет қабылданған «Жасанды интеллект туралы» заң технологиялық дамудың жаңа кезеңін айқындайды. Министрліктің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, білімді, жаңашыл, адал азамат тәрбиелеу үшін AI технологияларын білім беру процесіне сауатты әрі сапалы енгізу.

«ЖИ мұғалімнің артық жүктемесін азайту және оқу процесін тиімді ұйымдастыруы үшін көмекші құрал ретінде қолданылуы керек», деді министр.

Оқу-ағарту ведомствосының мәліметінше, отырыста ЖИ-ді оқу үдерісіне кезең-кезеңмен енгізу үшін этикалық стандарттарды бекіту, нормативтік базаны жетілдіру, инновациялық шешімдер арқылы білім сапасын арттыру, AI жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу бойынша мәселелер қаралды.

Жұмыс тобына жетекші ретінде Мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева сайланды.