Kazinform агенттігі тілшісіне бұл туралы Алматы полиция департаменті растады.
Ведомствоның ресми өкілінің мәліметінше, Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті қазір Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр.
— Соттың шешімімен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес жария етілмейді, — делінген хабарламада.