Қоғам • Кеше

«Ertis» арнасына – 60 жыл

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертіс-Баян өңірінің ақпарат мінберіне айналған облыстық «Ertis» телеарнасына 60 жыл толды. Аймақтың басты арнасы осы уақыт ішінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаушы, қоғам өмірінің айнасы бола білді.

«Ertis» арнасына – 60 жыл

Суретті түсірген – Валерий Бугаев

Ел-жұрт басынан өткерген қиын-қыстау күндер­дің, қуанышты үндердің куәсіне, жақсылықтың жар­шы­сы, игі істердің бастаушысына айналған «Ertis» ар­насының мерейтойы облыс көлемінде аталып өтті.

Алпыс жыл ішінде аймақтың басты арнасы талай тарихи кезеңді бастан кешті. Экрандағы бейнелер ақ-қара түстен заман талабына сай түрлі түсті бейнеге ауысып, телестудиялар жаңарды. Өңірдің кез келген нүктесінен тікелей эфирде ақпарат тарату мүмкіндігіне қол жеткізді. Қазіргі уақытта арна за­манға сай жобалар ұсынып, көрермен көңілінен шы­ғатын контенттерді үзбей беріп келеді. Бұл қатарда «OILike», «Жаңа күн», «Бірінші студия», «Теле­орталық», «Руханият», «Аманат», «Сарасөз» бен тағы басқа телебағдарламаларды атап өтуге бола­ды. Биыл цифрлық технологиялар кең қолда­ныс тауып, виртуалды жүргізуші де пайда болды. За­ман көшінен қалыспаған арна ұжымының дені – жастар.

«Ондаған жылдар бойы «Ertis» өңіріміздің үні болып келеді және солай болып қала беретініне сенім берік. Сіздер тарататын ақпаратқа халық сенеді әрі объективті ақпарат күтеді. Ұжым бұл міндетті абыроймен атқарып жүр» деп атап өтті өңір басшысы Асайын Байханов.

Облыс әкімі арнаның автокөлік паркін жаңартуға 30 млн теңгелік сертификат табыс етті.

 

ПАВЛОДАР