Қоғам • Бүгін, 10:50

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қанша тонна ет сатылды?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыс күндері барлық өңірде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 1300-ден астам  тауар өндіруші мен кәсіпкер қатысып, 170 мыңға жуық адам келді.  Тұтынушылар тарапынан ет өнімдеріне сұраныс көп болып, 300 тоннадан астам ет сатылды, деп жазады Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қанша тонна ет сатылды?

Фотолар: Сауда және интеграция министрлігі

Астана мен Алматыда  жәрмеңке барысында бір келісі 3000-3500 теңгеден 20 тонна сиыр еті сатылған. 

Батыс Қазақстан облысында жәрмеңкелерде шаруа қожалықтары құс еті, үйрек, қаз, түйетауық, сондай-ақ сиыр, жылқы және шошқа етін саудалады. Барлық өнім жоғары сапасымен және қолжетімді бағасымен ерекшеленді. Мәселен, сиыр және жылқы еті 2 700-2 800 теңгеден теңгеден ұсынылған.

Өскемен қаласында сенбі күнгі жәрмеңкелерде Марқакөл ауданынан келген фермерлер 2 тонна сиыр етін 3 000 теңгеден, 3 тонна жылқы етін 2 800 теңгеден және 3 тонна қой етін 3 200 теңгеден жеткізді. Бір күн ішінде шамамен 5 тонна сиыр еті, 4 тонна жылқы еті, 5 тонна қой еті, 2 тонна құс еті сатылды.

gov.kz

Республика бойынша өткен жәрмеңкелерде ет өнімдерімен қатар көкөністер, жеміс-жидек, жарма түрлері және сүт өнімдері ұсынылып, келушілер тарапынан сапалы өнімді төмендетілген бағамен алудың артықшылығы айтылған.

Жыл басынан бері елімізде 504 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, онда жалпы көлемі 7,9 мың тонна өнім 5,3 млрд теңгеге саудаланған.