Аймақтар • Бүгін, 09:49

Қызылжарға бір мезгілде ауыз су, жарық, газ келді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданына толық инфрақұрылым жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылжарға бір мезгілде ауыз су, жарық, газ келді

Қызылжар-2 шағын ауданында бұған дейін табиғи газ болмаған,  ауыз су жарытымсыз, жарық та жиі сөніп қалатын. Осыған орай елді мекен халқы мәселе көтерген еді.  Соның нәтижесінде былтыр көктемнен бастап шағынауданға инфақұрылым тартыла бастады. 

Алқап, Ордакент, Нұрлыкент, Сығанақ, Тереңөзек, Көлкент көшелерінің тұрғындары  осыған дейін суды тасымалдап ішіп, үйлерін көмірмен жылытқан.  Бүгінгі таңда 265 үйде орталықтандырылған ауыз су құбыры бар. Электр қуаты бойынша мәселе толығымен жойылды. Табиғи газ қосылып, халық игілігін көріп жатыр.