АСТАНА. 10 тамыз. Өзбекстандағы Хиуа облысының орталығы – Үргеніш қаласындағы паркте концерт кезінде көпір құлап кетіп, адамдар қаза тапты. Бұл туралы Өзбекстан республикалық төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған ras.kz хабарланды.
«Өзбекстанның Хорезм облысындағы Үргеніш қаласының мәдениет және демалыс паркінде концерт кезінде жұрттың көп жиналып қалуынан көпірдің тор жақтауларының бір бөлігі сөгіліп кетті. Нәтижесінде оның үстінде тұрған кісілер көлге құлады. Арасында қаза тапқандар да бар», – делінген хабарламада.
Бірақ қаза тапқандардың нақты саны айтылған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, болған оқиғаның себебін жан-жақты зерттеп, оның зардаптарын жою үшін үкімет комиссиясы құрылған.
Осымен бір мезгілде «Озодлик» («Азаттық» радиосының өзбек редакциясы) тілшісі көпірдің жақтауы опырылып кетуі салдарынан болған апатта кем дегенде 15 адамның қаза тапқанын жазады. Ал оқиға 8 тамыз күні, сағат 19:00 шамасында орын алған. Сол кезде Хорезм облысының танымал әншісі Навруза Собирова өнер көрсетіп жатқан.
Инцидент орын алған парктің аты «Жастар көлі» («Ёшлар кўли») деп аталады екен.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.
• 10 Тамыз, 2015
Өзбекстанның Үргеніш қаласында көпір құлап, адамдар қаза тапты

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10