Спорт • Кеше

Танымал спорт журналисі өмірден өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналист Диля Ибрагимованың өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.

Танымал спорт журналисі өмірден өтті

«Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының ең танымал және сүйікті тұлғаларының бірі болды. Отандық журналистиканың дамуына өзіндік зор үлес қосты.

Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!» делінген министрліктің жазбасында.

Соңғы жаңалықтар