Шахмат • Бүгін, 07:35

Ұлттық үлгідегі шахмат

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық ерлі-зайыпты Вразовскийлер шахматтың ұлттық үлгідегі нұсқасын жасап шығарды. Алексей мен Александра жұмыстан бос уақытта 3D өлшемді баспада сан алуан цифрлық модельдер, түрлі мүсіншелер мен фигуралар жасайды.

Ұлттық үлгідегі шахмат

«Бұл – үйде ермек ететін ісіміз. Бірде шахмат сатып алдық. Одан кейін шахмат тастарына шапан жауып, қазақы ою-өрнекпен әрлеп, ұлттық үлгіде қайта жасап шықсақ қайтеді деген ой келді. Алдымен ойын тастарының цифрлық үлгісін сызбаға түсіріп алдық. Бәрі да­йын болған соң, біртіндеп басып шығара бастадық. Бұл жұмысқа тәулігіне 3-4 сағат уақыт бөлдік. Күні бойы әуреге түскен кездер де болды. Өйткені мүсіншелерді басып шығарып жатқанда ауа температурасы қолайсыз болып қалады да, бәрін қайта бастауға тура келеді. Кейде жарық сөніп қалады. Осылайша, шаршы тақта үстіндегі патшаның орнын хан басты. Уәзірдің орнына ханшаны, пілдің орнына қанатын қомдап тұрған қос қыранды қойдық. Екі атты да ою-өрнекпен әсем­деп безендіріп, қазақтың қазана­ты­на ұқсаттық», дейді Алексей Вразовский.

Ерлі-зайыптылар ұлттық үлгідегі шах­матты полилактид деп аталатын мате­риалдан жасап шығарған. 

«Алдағы уақытта 3D техно­ло­­гия­сының көмегімен қазақ халқының ұлттық мә­де­ние­­тін дәріптейтін басқа да дүние­лер­ді жасап шығар­ғымыз келеді. Мысалы, қазір біз «Алтын адам­ның» көшір­месін жасап жатырмыз. Оның алғаш­қы нұсқасын қызымыз оқып жат­қан мектепке тарту етпекпіз», дейді шеберлер.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар