Футбол • Бүгін, 12:51

Netflix футболдан ағылшын премьер-лигасын көрсетуі мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық Netflix платформасы футболдан ағылшын Премьер-лигасының трансляциясын көрсету құқығын алуды көздеп отыр. Алып компания жазылушыларға арналған спорт туралы контент санын көбейткісі келеді, деп жазады Egemen.kz

Netflix футболдан ағылшын премьер-лигасын көрсетуі мүмкін

фото: Netflix logo | bloomberg

Netflix платформасы Champions League матчтарын Ұлыбританияда көрсету құқығы үшін болған бәсекеде Paramount+ платформасынан жеңіліп қалған. Сол үшін де спорт бағыты Netflix үшін басым бағытқа айналды.

Енді америкалық алып компания назарын Премьер-лигаға бұрды. Платформа Ұлыбританияда матчтарды көрсету мүмкіндігі үшін Sky Sports және TNT Sports телеарналарымен бәсекеге түспек. Сонымен қатар Netflix дәл осы құқық үшін АҚШ-та NBC телекомпаниясымен де жарысады.

Қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы Премьер-лига матчтарын теледидардан көрсету құқығы 2029 жылға дейін бөлінген. Ал NBC-мен жасалған келісім 2028 жылға дейін күшінде. Келесі кезеңге арналған құқықтарды бөлу алдағы он екі ай ішінде өтеді.

Айта кетерлігі, әлеуетті хабар таратушылары қатарына Netflix-тің қосылуы Премьер-лига клубтарының табысын арттыруы мүмкін. Себебі мұндай ірі платформаның саудаға қатысуы теледидардан көрсету құқығының сату құнын арттырады.