Президент • Бүгін, 14:23

Президент: Ауыл тұрғындарының 84%-ы өз әкімдеріне сенеді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Астанада өтіп жатқан ауыл әкімдерінің диалог-платформасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: Ауыл тұрғындарының 84%-ы өз әкімдеріне сенеді

Фото: Ақорда

«Олар өз үміткерлерін ұсынып, сайлауға белсене араласты. Саяси ұйымдардың 1500-ден астам өкілі әкім болып сайланды. Жаңа басшылардың қатарында 6 партияның мүшелері бар. Ал 700-ден астам азамат өзін-өзі ұсынып, сайлауда жеңіске жетті», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, жалпы нәтиже жаман емес.

«Сайланған әкімдер жұмысқа кірісіп кетті, жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Ең бастысы, олар жергілікті жұрттың мұң-мұқтажын, шешімін таппай жатқан түйткілдерді жақсы біледі.

Ауыл-аймақтың дамуына бөлінген бюджет қаражаты да тиімді игеріле бастады. Ауылдардың кірісі көбейді, мемлекет тарапынан берілетін қаржыға, яғни дотацияға тәуелділік азайып келеді.

Жақында жүргізілген сауалнамаға сәйкес ауыл тұрғындарының 84 пайызы өз әкімдеріне сенетіні анықталды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау үдерісі алдағы уақытта да жалғасын табады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.