Әлем • Кеше

Илон Маск: Болашақта ақшаның маңызы жоғалады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-Сауд Арабиясы инвестиция форумында сөз сөйлеген Илон Маск жасанды интеллект пен робототехника дамыған сайын жұмыс ұғымының өзгеретінін айтты. Оның пайымынша, алдағы кезеңде адамдар күнкөріс үшін еңбек етуге мәжбүр болмайды, ал ақша өзінің қазіргі маңызын біртіндеп жоғалтады, деп жазады Egemen.kz.

Илон Маск: Болашақта ақшаның маңызы жоғалады

Себебі ЖИ тауар мен қызметтің басым бөлігін адам еңбегінсіз өндіре алады, сол арқылы экономикадағы қаржылық шектеулер әлсірейді. Дегенмен энергия мен шикізат тапшылығы секілді факторлар маңызын жоғалтпайды.

Маск болашақтағы еңбек қатынасын спортпен айналысу, бау-бақша күту секілді істерді адам өз жан қалау үшін ғана жасайды дейді. Оның пікірінше, жұмыс хоббиға айналады. Кәсіпкер Иэн Бэнкстің «Мәдениет» ғылыми-фантастикалық сериясын мысалға келтіріп, онда суреттелген қажеттілігі жойылған қоғамның кейбір элементтері шынайы өмірде іске асуы мүмкін екенін айтты.

Кейінгі уақытта Маск жасанды интеллект пен роботтар кедейлікті толық жоюға қабілетті деген пікірін жиі айтады. Инвесторлармен кездесуінде ол «Optimus» роботы әр адамға жоғары өмір сапасын қамтамасыз ете алады деп атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттер болашақта әмбебап базалық табыспен шектелмей, жалпыға ортақ жоғары табыс жүйесін енгізуге мәжбүр болуы мүмкін.