ПЕТРОПАВЛ. 22 наурыз. Шығыс халықтарының жаңа жылы–әз Наурыз шын мәніндегі халықтық мерекеге айналып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар молынан көрініс тапты. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.
Наурыз мерекесі «Достық» алаңынан басталды. Қалалықтарды көктемнің жанға жылылық дарытатын, шуақ сыйлайтын мейраммен аймақ басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады.
Орталық алаңға Қазақстан халқының татулығын, бірлігін бейнелейтін 100 мың жарықдиодты шамнан құралған шаңырақ орнатылып, 7 киіз үйден тұратын этноауыл тігілді. Жастар алтыбақан теуіп, спорт жарыстарын , шоу бағдарламаларды қызықтаса, үлкендер жағы түрлі салт-дәстүрлер мен «Қош келдің, нұрлы Наурыз» атты театрландырылған көріністерді тамашалады. Бұл күні 2500 кило палау, 500 литрдей наурыз көже, 700 килодан астам бауырсақ пісіріліп, жұртшылыққа тегін ұсынылды.
Қазақша күрестен 35 балуан күш сынасып, «түйе балуан» атанған Айбек Қырықбайға ақ қошқар сыйланды. Киіз үй байқауында Айыртау ауданы Гран-приді ұтып алды. Бірінші орынды Ғ. Мүсірепов, Тайынша аудандары мен облыстық ішкі істер департаменті бөлісті. Ақындар сайысында бас жүлде шалақындық Жарқын Жұпарханға бұйырды.
Мамлют ауданы татар халқының ұлттық тағамы- ұзындығы 3 метр бәліш дайындап әкеліп, балаларға үлестірді. Екі жастағы Әмірхан Досаевтың тұсауы кесіліп, сыйлық тарту етілді.
«Шеберлер ауылы» сәндік-қолданбалы шығармашылық бұйымдардың көрме-сатылымы, «Шаш–қыздың ажары» , «Пай-пай қазақтың келіндері-ай» конкурстары ұйымдастырылды.
200 адам «Қаражорға» биін орындап, мереке ажарын аша түсті.
М. Жұмабаев көшелерінде ақ жұмыртқадай қаз-қатар орналасқан 13 киіз үйдің есіктері айқара ашылып, соғыс және еңбек ардагерлеріне, жетім балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға, кемтар жандарға арнап дастархан жайылды.
Наурыз тойы ертең де жалғасады.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz
Сурет: egemen.kz
• 22 Наурыз, 2015
Петропавлда Наурыз мейрамы ұлттық нақышта атап өтілді

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше