АТЫРАУ. 10 тамыз. Атыраулық палуан Айболат Ыстыбай Босния және Герцеговина астанасы – Сараевода кадеттер арасында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау палуандарының арасында Ыстыбаевтардың абыройы аспандап тұр. Бір отбасында тәрбиеленген Нұрболат пен Қанат та, ағаларының ізімен спортқа аңсары ауған Айболат та самбо, дзюдо және қазақ күресімен айналысады. Ағайынды палуандардың жетістіктері де аз емес. Жақында Айболат Ыстыбай Босния және Герцеговина астанасы – Сараеводан алтын медальмен оралды. Ол осында өткен кадеттер арасындағы дзододан әлем біріншілігінде қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Айболат әлемнің әр түкпірінен жиналған 500 спортшының арасынан оқ бойы озып, Қазақ елінің көкбайрағын биікте желбіретіп, Әнұранды шырқату үшін намысқа тырысты. Мақсаты – елдің абыройын аспандату. Сол мақсатына жету үшін барын салды. Жаттықтырушысы Мержан Есмағамбетовтің тәлімін ой елегінен өткізді. Қазақтың намысты, қайсар палуаны 50 кило салмақта алдымен АҚШ, Ресей, Кипр, Грузия палуандарын иппон ұпайымен жеңді.
Алтын медальға қол жеткізетін шешуші сында итальян палуанымен шеберлік байқасты. Шаршы алаңда жан берісіп, жан алысқан сында қазақ палуаны қарсыласының осал тұсын тауып, айқын басымдығын танытты. Осылайша, әлем чемпионы атанған 17 жасар Айболат Ыстыбайдың бұл жеңісі Сараево төрінде көкбайрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды шырқатты.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 10 Тамыз, 2015
Атыраулық Айболат Ыстыбай дзюдодан әлем чемпионы атанды

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10