Спорт • 10 Қараша, 2025

Спорт кешені ашылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талас ауданына қарасты Бостандық ауылында дене-шынықтыру сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт кешені ашылды

Екі мыңға жуық тұрғыны бар Бостандық ауылдық округі үшін бұл – маңызды әлеуметтік нысан. Заманауи спорт кешені ауыл жастары мен тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Мұнда қазақша күрес, бокс, кикбоксинг, волейбол және баскетбол сияқты спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған.

Құрылыс жұмыстарын «Әль-Мансұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жобаның жалпы құны – 562,7 млн. теңге.

Жаңа кешенде 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың қатарында спорт нұсқаушылары, медицина қызметкері және өзге де қызметкерлер бар.

«Спорт кешені – ауылымызға табысталған үлкен сый. Туған жеріміздің абыройы биіктеп, Жамбыл облысының спорттағы жетістігі арта берсін», дейді Бостандық ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Рәт Айғараев.

Жамбыл облысы