Экономика • 27 Қараша, 2025

Шуда жаңа зауыт салынып жатыр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданында натрий цианидін өндіретін зауыт құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шуда жаңа зауыт салынып жатыр

Жаңа кәсіпорынның құрылыс жұмысымен танысқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеев Жамбыл өңірінде химия өнеркәсібін дамытуға барынша қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Президент мемлекетіміздің болашағы мен әлемдік аренадағы орны ең алдымен инвестицияға байланысты екенін үнемі айтып жүр. Жаңа өндіріс ошақтарын іске қосу, инновациялық технологияларды енгізу және ғылыми негізделген өнім шығару – Жамбыл облысының алдағы жылдардағы басым бағыты болып қала береді.

Натрий цианидін өндіру жобасы өңірдің экономикалық қуатын арттырып, еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтеді. Маңызды бастаманы табысты іске асыратынымызға сенімдімін» – дейді ол.

Жаңа кәсіпорын Шу ауданындағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында бой көтермек. Ірі инвестициялық жобаны «Altynalmas Reagents» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Жобаның жалпы құны – 68 млрд теңге, жылдық қуаттылығы – 25 мың тонна.

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Батыр мұрасы насихатталды

Қоғам • Бүгін, 07:55

Роботтар да оқитын заман

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Көмілген қала табылды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Ел мұңын жазған шығарма

Басылым • Бүгін, 07:40

Жаратқан алдынан жарылқасын

Тағзым • Бүгін, 07:38

Димаштөбедегі ашық мұражай

Музей • Бүгін, 07:35