Фото: ru.freepik.com/
Сондай-ақ кей азық түлік бағасы қымбаттаған. Тәтті бұрыш – 5,2%-ға, түсті қырыққабат – 5,1%-ға, лимон, шоколад – әрқайсысы 1,9%-ға, рожки бағасы – 0,4%-ға көтерілген.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында өткен айда қуат үнемдейтін шамның бағасы –1,7%-ға, елімізде құрастырылған жаңа автокөліктер – 1,2%-ға, қазан – 0,8%-ға төмендесе, смартфондар – 5,4%-ға, кір жуғыш машиналар – 2,5%-ға, төсек орын жинақтары – 0,5%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі – 7,1%-ға, су бұру – 6,2%-ға, орталықтан жылыту – 4,9%-ға, электр энергиясы – 2,7%-ға төмендеді. Ал шет тілдерін оқыту курстары – 2,6%-ға, асханадағы түскі ас – 1,6%-ға, дәрігерге алғашқы қаралу сынды қызметтер – 0,7%-ға қымбаттаған.
Жылдық мәнде инфляция 2025 жылғы қарашада 12,4% құраған.
Азық-түлік тауарлары бойынша қызанақ жылдық мәнде – 8,1%-ға, күріш – 6,9%-ға, тәтті бұрыш – 1,2%-ға арзандаған. Керісінше жұмыртқа мен сарымсақ 3,9% – 3%-ға қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш – 27,6%-ға, мұздатқыш – 14,6%-ға, үтіктеу тақтасы– 12%-ға арзандады. Ыдыс жууға арналған құралдар бағасының деңгейі – 7,7%-ға, қабырға кафелі – 6,2%-ға, электросамокат– 3,6%-ға өскен.