Медицина • Бүгін, 22:54

Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) төрағасы Айдын Құлсейітов қызметінен кетті, деп жазады Egemen.kz.

Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті

Қор төрағасының қызметінен кеткені туралы ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі растады.

– Жалғыз акционердің шешімімен 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша “ӘМСҚ” КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті етуді талап етіп, петиция жариялады

Табысы жоғары азаматтар үшін жарна көлемі артады: 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі

Медициналық сақтандыру қорының жалғыз акционері – Денсаулық сақтау министрлігі. Қордың жаңа басшысы кім болатыны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Айдын Құлсейітов бұл қызметке 2025 жылдың сәуірінде тағайындалған.