Бұл тойхана бастапқыда 1 қабатты шайхана ретінде пайдалануға қабылданған екен. Алайда меншік иесі ғимарат құрылысын қайтадан өзгертіп, үстіне қосымша тағы бір қабат салған. Сөйтіп құжат жүзінде жоқ 2 қабатты «Shinar» тойханасы пайда болып, бүгінгі шейін заңсыз құрылыс ретінде пайдаланылып келген.
Жоғарыда айтып өткеніміздей тексеру нәтижесінде Қазақстанның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң талаптары сақталмай жаңғырту жүргізілгені белгілі болған. Осыған байланысты қалалық әкімдіктің құрылысқа жауапты басқармасы тарапынан тойхана жұмысы тоқтатылды.
Осы орайда мамандар қала мәдениеті мен қауіпсіздігі – баршаға ортақ талап екенін, сондықтан кез келген құрылыс немесе қайта құру жұмыстары тек заң шеңберінде жүзеге асу қажеттігін ескертеді.
Сондай-ақ қадағалаушы орган өкілдерінің айтуынша рұқсатсыз салынған нысан иесі айыппұл төлеп қана қоймай, сонымен бірге, заңсыз ғимарат мәжбүрлеп бұзылуы да мүмкін.