Спорт • Бүгін, 10:30

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 желтоқсан күні отандасымыз, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін кубалық Эрисланди Лараға қарсы тарихи жекпе-жек өткізеді. Қазақстан уақытымен 6: 00-де басталатын жекпе-жекті «Qazsport» және «Qazaqstan» арналары тікелей эфирде ұсынады, деп жазады Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

Фото: sportilinet.kz

Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штаты Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді.

Қос мықтының айқасында орта салмақтағы үш әлемдік титул: Әлімханұлына тиесілі WBO және IBF, Лараның еншісіндегі WBA белбеулері сарапқа салынады.

«Qazaq Style» мен «The American Dream» сынды лақап ат иелерінің кездесуі 12 раундқа жоспарланған. 

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке қызу дайындалып жатқанын мәлімдеген.

Ал күні кеше отандасымыз үндеу жасап, жанкүйерлерін аренаға еліміздің көк туымен келуге шақырған. 

«Qazaq Style» елімізге үш белбеумен келуге уәде беріп отыр.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін Астанада өткізіп, Анауэль Нгамиссенгені 5-раундта нокаутқа жіберіп, белбеулерін сәтті қорғаған еді.