Заң • Бүгін, 12:20

Ішкі істер министрлігі желіде тараған жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде сағат 00:00-ден кейін жол жүру кезінде көлік жылдамдығын сағатына 66 км жылдамдыққа дейін арттыруға рұқсат етілді деген мазмұндағы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мұндай мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігі желіде тараған жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Фото: polisia.kz

ІІМ мәліметінше, жол-көлік қозғалысына байланысты ешқандай өзгеріс енгізілмеген.

Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – сағатына 60 км. Ал жол бойындағы камералар жылдамдық сағатына 70 км немесе одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды.

пп

«Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүру қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар», делінген министрлік таратқан хабарламада.