Фото: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, гранттарды бөлудің ашықтығын Sarbaz 2.0 ақпараттық жүйесі қамтамасыз етеді. Іріктеу нәтижелері платформада жарияланады және бұл қатысушыларға өз деректерін өздері тексеруге мүмкіндік береді.
2025 жылдан бастап мемлекеттік грант иегерлеріне қосымша стипендия, жатақхана және әскери кафедрада конкурстан тыс оқыту сияқты жеңілдіктер беріледі. Бұл офицерлік қызметке жол ашады.
Жоба 2023 жылы іске қосылған. Содан бері мерзімді қызметтен өткен азаматтарға 9 000-нан астам білім беру гранты бөлінген.
Грант иеленген «Күз-2024» әскерилерінің тізімі мына сілтемеде тұр.