Фото: Ашық дереккөз
Бұл туралы Арсен Шакуов Facebook-парақшасында жазды.
Қаза тапқан спорт ардагерлерінің есімдері:
- Асыл Ибрайымов – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы.
- Дмитрий Мочальский – шахматтан Сурдлимпиада чемпионы, шахматтан есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы.
- Сәкен Смағұлов – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
- Сергей Волковинский – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
- Серік Молдашев – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.