фото: rantcell.com
Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының бас маманы Рауан Рысқалиевтің айтуынша, былтыр интернет 132 елді мекенде ғана болған.
«Биыл мемлекеттік басқаруды цифрландыру және IT-жобаларды дамыту аясында «Jusan Mobile» АҚ-мен бірге шалғайдағы елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту қолға алынды. Осы мақсатта «OneWeb» спутниктік технологиясы енгізілді. Биыл Исатай, Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Жылыой және Махамбет ауданындағы 14 ауыл спутниктік интернетке қосылды», дейді Рауан Рысқалиев.
Оның дерегіне қарағанда, облыста 5G технологиясымен интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін 133 базалық станция бар. Оның ішінде 110 станция Атырау қаласында орналасқан. Ал Жылыой ауданында 20, «Теңіз» вахталық кентінде 3 станция орнатылған.
«Жылдамдығы жоғары интернеттің қосылуы ауыл тұрғындарына білім беру, медицина салаларында сапалы қызмет көрсетуге жол ашты. Қашықтан жұмыс істеуге, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік берді», деп мәлім етті Рауан Рысқалиев.