Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Олардың қатарында әлем чемпиондары Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов та бар.
Ауыр атлеттер ел біріншілігінде жекелей жаттығуларда 54 жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Сайыстың бірінші күнінде ерлер арасында 65 келі және әйелдер арасында 58 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады.
«Чемпионатқа қатысушы спортшылардың құрамы өте мықты. Алдағы күндері ауыр атлеттеріміздің елорда төрінде рекорд жаңартатынына сенемін. Жеңімпаздар 2026 жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарда ел намысын қорғайды», деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов.
Айта кетейік, бұған дейін ересектер арасындағы ел чемпионаты Астанада 2022 жылы ұйымдастырылған еді.