Жәдігер • Бүгін, 07:40

Атыраудағы сармат алтындары

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сармат алтындарының жиынтығы бар. Талайғы тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер Қарабау-2, Қарақұдық-1, Қарақұдық-2 қорғандарынан табылған.

Атыраудағы сармат алтындары

Музей директоры Мұхамбетқали Кипиевтің айтуынша, 2023–2024 жылдары Қызылқоға ауда­нындағы аталған қорымдарға археоло­гиялық қазба жұмысы жүргізіліпті. Архео­логтер біздің заманымызға дейінгі V–IV ғасырларға жататын құнды қазынаны зерттеп, қалпына келтірді. 

п

«Бұл жәдігерлер – сармат тайпаларының өшпес тарихы. Ерте кезеңдегі тайпалардың өркениеті, қолөнері, әскери мәдениеті және діни-ғұрыптық дәстүрі жоғары деңгейде дамығанын айқын көрсетеді», дейді М.Кипиев.

Көне тарихтың көмбесі секілді ескі қорымдардан табылған алтын бұйымдардан бірнеше аңның бейнесі анық көрінеді. Мәселен, алтын тоғадан қос жолбарыс пен қос арқар көруге болады. Ал алтын білезіктің екі ұшында барыстың мүсіні бейнеленіпті. Сынама таста алтын тұтқа бар.

н

Аң стиліндегі жапсырмалар, бір орамды алқа, білезік пен сырға да қызықтырады. Күн мен жарты ай бейнелі салпыншақ сырғаның жөні бөлек. Ағаш ыдыстың жапсырмалары аң стилінде жасалыпты.

 

Атырау облысы