Заң • Бүгін, 00:36

Мүгедек балалардың ата-аналарын қорлаған блогерге сот үкімі шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана сотында мүгедек балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтқан блогерге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүгедек балалардың ата-аналарын қорлаған блогерге сот үкімі шықты

Іс материалына сәйкес, О. өзінің Instagram парақшасында бейнематериал жариялап, онда қоғамға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты қорлайтын және бейәдеп сөздер қолданғаны, сол арқылы қоғамға ашық түрде құрметсіздік көрсетіп, тәртіпті бұзғаны анықталды.

«Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жоқ, себебі инкриминацияланып отырған іс-әрекет тек әкімшілік өндіріс шеңберінде қаралады», деп жазылған сот хабарламасында.

Сот отырысында О. кінәсін ішінара мойындады: бейәдеп сөздер қолданғанын растағанымен, балаларды қорлау ниеті болмағанын көрсетті.

ӘҚБтК 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды. О.-ның 2016 жылы туған кәмелетке толмаған баласы бар екені туу туралы куәлік арқылы расталды.

Сотта жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықтамалды. О.-ның кәмелетке толмаған баласының болуы жеңілдететін мән-жай ретінде танылды.

«Құқық бұзушылықтың сипаты және жеңілдететін мән-жайдың болуы ескеріліп, О.-ға ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша АЕК мөлшерінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», дейді сот.