Осыған дейін олар мал базарын қаланың шетіне көшіру туралы бірнеше мәрте талап қойған. Осы жағдай бойынша жұмысшы топ арнайы барып, «Бұлан» мал базарының әкімшілігімен кездесті.
Топ өкілдері базар иелеріне кәсіп мәдениетін қалыптастыру қажеттігін айтып, талаптарға сәйкес жұмыс істеуді түсіндірді. Ал талаптың сақталуы тиісті орындар тарапынан ұдайы қадағаланып отырады.