Медицина • Бүгін, 12:45

Азаматтар неліктен әлі күнге дейін тегін дәрі-дәрмек ала алмай отыр?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде кейбір азаматтар үшін тегін дәрі-дәрмектердің жеткіліксіздігі әлі де өзекті мәселе болып тұр. Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл жағдайды түзету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтар неліктен әлі күнге дейін тегін дәрі-дәрмек ала алмай отыр?

Фото: Ашық дереккөз

Депутат Асхат Рақымжанов министрден «СК-Фармация» арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік дәрі-дәрмек сатып алу жүйесін түбегейлі өзгерту жоспары туралы сұрады. Себебі жыл сайын кейбір санаттағы азаматтар үшін қажетті тегін дәрі-дәрмектердің жеткіліксіздігі туындайды.

«Шын мәнінде бұл мәселе өте күрделі. Жыл сайын кейбір дәрілердің тапшылығы байқалады, біз оны мойындаймыз. 2025 жылы осы мәселелердің бірнешеуі шешілді», деді Ақмарал Әлназарова.

Министр атап өткендей, бірінші маңызды қадам – дәрі-дәрмектердің азайтылмайтын қорын құру болды.

«Биыл Үкімет қаулысымен «СК-Фармация» компаниясы 20,6 млрд теңге көлемінде міндетті төлемдерден босатылды. Осылайша, тұрақты қор жасалып, жыл басында болған сияқты жеткізілім үзілістерінің алдын алу мүмкіндігі пайда болды. Біз бұл мәселені кешенді түрде шешуге бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатырмыз», деді министр.