Қапшағай (қазіргі Қонаев) қаласы әкімдігінің 2022 жылғы қаулысымен «Айша сити» базары стационарлық емес бөлшек сауда орны ретінде белгіленген. Сол себепті енді сатушылар осы базарға барып, кәсіппен айналысуы тиіс. Жәрмеңкелік орындар дайындалып қойған.
Қазіргі таңда стихиялық сауда орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан белгіленбеген орында сауда сатқандары үшін жеке және заңды тұлғаларға 2 562 600 теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ осы тақырыпта ақпараттық баннерлер ілінді.
Бұған дейін сатушылармен әкімдік өкілдері бірқатар кездесу ұйымдастырып, мән-жайды түсіндірді.
Сонымен қатар шаһарда қолайлы орта құру бағытындағы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 15 аймақ абаттандырылуда. Жыл соңына дейін барлық жобаның құрылысы аяқталады.
Алматы облысы