Фото: Petro_Council
Жыл соңына қарай холдинг басшысы Шота Абхазава бұрын жариялаған итальяндық сәулетшілер әзірлеген Атырау трансформация жобасының тұжырымдамасын ұсынады.
Petro_Council арнасының хабарлауынша, Атырауда жүзеге асырылуы мүмкін бірқатар ірі нысанның алдын ала жобалары белгілі. Олардың қатарында:
- Бұрынғы «Ақ-Жайық» қонақүйінің орнына салынатын көпфункционалды кешен;
- Самал шағын ауданында бой көтеретін ірі сауықтыру-емдеу орталығы;
- Әуежай маңында Formula-1 жарыстарын өткізуге арналған кәсіби автодром және оған іргелес инфрақұрылым бар.
Алдын ала ақпарат бойынша, бұл жобалардың ресми таныстырылымы желтоқсан айының екінші жартысында өтеді.