Қоғам • Бүгін, 17:52

Елімізде электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді

Фото: ult.kz

Жалға беретін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әрбір электр самокатқа қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі. Сондай-ақ мұндай самокаттарды тіркеу және тіркеу нөмірлерін беру тәртібі белгіленеді.

Жалға берушілер жүргізуші куәлігі жоқ немесе одан айырылған адамға электр самокатты басқаруға рұқсат бергені үшін жауапты болады.