Алматы қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 21 заманауи оқу ордасының құрылысы көзделген. Оның ішінде 13 мектеп – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқаруымен, ал қалған 8 мектеп – қала әкімдігі тарапынан мемлекет-жекеменшік әріптестік және дайын нысанды сатып алу механизмдері бойынша салынып жатыр.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқаруымен салынған барлық 13 мектептің құрылыс-монтаж жұмысы толық көлемде аяқталды. Өткен 29 тамызда соңғы нысанның пайдалануға беру актісі тіркелді. Осылайша, барлық 13 мектеп іске қосу актілерімен жаңа оқу жылына дейін Алматы қалалық әкімдігінің балансына ресми түрде өткізілді», деді Мәулен Айманбетов.
Енді Алматыда құрылысы аяқталған мектептердің тізіміне келейік. Олар: №97 мектеп, 600 орын — Әуезов ауданы, 1-шағынаудан (10 желтоқсан 2024 ж.), №217 мектеп, 2000 орын — Алатау ауданы, «Самғау» ш/а (26 ақпан 2025 ж.), №218 мектеп, 2000 орын — Алатау ауданы, «Қарасу» ш/а (20 ақпан 2025 ж.), №215 мектеп, 1500 орын — Бостандық ауданы, Розыбакиев–Левитан көш. қиылысы (28 шілде 2025 ж.), №154 мектеп, 1500 орын — Алатау ауданы, «Ақбұлақ» ш/а (31 шілде 2025 ж.), №214 мектеп, 1500 орын — Наурызбай ауданы, Райымбек даңғ. («Нұрлы дала» ТК ауданы) (2 мамыр 2025 ж.), №213 мектеп, 2000 орын — Алатау ауданы, «Теректі» ш/а (21 ақпан 2025 ж.), №216 мектеп, 1500 орын – Алмалы ауданы, Райымбек даңғ. 210 (2 мамыр 2025 ж.), №219 мектеп, 1500 орын – Наурызбай ауданы, «Құрамыс» ш/а (27 тамыз 2025 ж.), №220 мектеп, 2000 орын – Медеу ауданы, Көлдіжин тас жолы, «Апорт» СОО маңы (29 тамыз 2025 ж.), №222 мектеп, 2000 орын – Алатау ауданы, Т.Рысқұлов – С.Әшімов көш. қиылысы (29 тамыз 2025 ж.), №221 мектеп, 2500 орын – Наурызбай ауданы, «Шұғыла» ш/а (29 тамыз 2025 ж.), №224 мектеп, 2500 орын – Бостандық ауданы, Егізбаева көш., 9 (29 тамыз 2025 ж.).
Басқарма төрағасының сөзіне зер салсақ, №97 және №154 мектеп бұрынғы апатты жағдайдағы ғимарат орнына салынған. Ескі нысандар толық бұзылып, олардың орнына жаңа, жайлы және қауіпсіз білім ордасы бой көтерді.
«Бірыңғай оператордың басқаруымен ел тарихында алғаш рет әрқайсысы 2500 орындық 2 ірі мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл – тек Алматыда ғана емес, бүкіл еліміздегі ең үлкен оқу ордалары. 2500 орындық мектептерді салудың нормативтік мерзімі 28 ай болса, біз оларды 22 айда аяқтадық», деді компания басшысы.
Ал 2000 орындық мектептердің нормативтік мерзімі 26 ай болса, олар 18 айда салынған. Барлық нысан белгіленген мерзімнен бұрын тапсырылды.
Мәулен Айманбетовтің айтуынша, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бекітілген кестеге және сапа талаптарына сай жүзеге асып жатыр. Алматыдан бөлек, құрылыс жұмыстары 10 өңірде толықтай аяқталған.
|
Өңір |
Келешек мектептерінің саны |
Оқушы орындары |
|
Алматы |
13 мектеп |
23 100 орын |
|
ШҚО |
7 мектеп |
3000 орын |
|
СҚО |
2 мектеп |
1200 орын |
|
Павлодар облысы |
2 мектеп |
1800 орын |
|
Қызылорда облысы |
10 мектеп |
6900 орын |
|
Маңғыстау облысы |
13 мектеп |
12 600 орын |
|
Жамбыл облысы |
7 мектеп |
6200 орын |
|
Ақмола облысы |
9 мектеп |
12 200 орын |
|
Шымкент |
12 мектеп |
17 300 орын |
|
Ұлытау облысы |
1 мектеп |
300 орын |
|
Жетісу облысы |
2 мектеп |
1800 орын |
Сондай-ақ Астана қаласында да ұлттық жобаны іске асыру тәмамдалуға жақын. Жоспарланған 22 мектептің 21-інде (39 200 орындық) құрылыс жұмысы аяқталды. 2000 орындық бір нысан жақында пайдалануға берілмек.
Бүгінгі таңда республика бойынша жоспарланған 217 300 орындық 208 мектептің 187-сінде құрылыс жұмысы аяқталды. Қалған 21 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары биылғы жыл соңына дейін өз мәресіне жетеді. Мерзімдердің сақталуы, орындалу сапасының жоғары болуы, қаражатты тиімді әрі үнемді пайдалану бірыңғай оператор жұмысының нәтижелілігін дәлелдейді», деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы.
Азамат ҚҰСАЙЫН