Фото: © freepik.com
Енді ел азаматтары мемлекеттік жүйелерден өздері туралы ақпаратты жоюға немесе анонимділікті талап етуге құқылы. Сондай-ақ олар оның қолданылуын бақылауда ұстай алады.
Құжатта азаматтар мен қоғамдық мүдделердің теңгерімін сақтау жағы да қарастырылған. Электрондық құжаттар түпнұсқамен теңестіріліп, ақпаратты қорғау жүйелері күшейтілген.
Бұдан бөлек заңға смарт-келісімшарттар ұғымы енгізілді. Ол кәдімгі шарттарды алмастырмаса да, тек соның орындалуын автоматтандыру үшін қолданылады.
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, Қазақстан цифрлы мемлекетке айналу бастамасына үлкен бір қадам жасады.
Құжат Сенаттың қарауына жолданды.