Оқиға • Бүгін, 12:25

Мәскеуден Пхукетке ұшқан ұшақтың қозғалтқышынан өрт шықты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Домодедово әуежайына шұғыл қонған «Red Wings» әуе компаниясы жолаушыларының айтуынша, ұшақ әуеге көтерілмей тұрып-ақ салонда керосиннің өткір иісі сезілген, деп хабарлайды Egemen.kz SHOT telegram арнасына сілтеме жасап.

Мәскеуден Пхукетке ұшқан ұшақтың қозғалтқышынан өрт шықты

Фото: Марина Лысцева / ТАСС

Қазіргі уақытта ұшақты мамандар тексеріп, оқиғаның себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ ұшу айлағында жылдамдықты күшейткен сәтте салонда жанармайдың өте өткір иісі пайда болған. Шамамен жарты сағаттан кейін командир борттағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралған. Әуе кемесі қауіпсіз қону үшін шамамен бір сағат бойы Мәскеу қаласының үстінде айналып ұшып, қосымша жанармайды қосуға мәжбүр болған. Қону кезінде, куәгерлердің сөзінше, әуе кемесі қатты шайқалған. Кейбір жолаушылар қозғалтқышта өрт тұтанғанын көргенін айтты, алайда салонда дүрбелең болмаған.

«Керосиннің иісі өте қатты болды. Ұшқаннан кейін ұйықтап қалыппын. Кейін командир бортта техникалық ақау бар екенін хабарлады», деді рейс жолаушыларының бірі.

Жолаушыларға резервтік рейс ұшып шыққанға дейін қонақүйлерге орналастыру ұйымдастырылған.