Оқиға • Бүгін, 14:31

Алматыдағы жер сілкінісі: Дүмпулер қайталануы мүмкін бе?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда сезілген жер сілкінісінен кейін ғылыми сейсмология орталығының комиссиясы қайталама толқулардың ықтималдығына қатысты арнайы жиын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы жер сілкінісі: Дүмпулер қайталануы мүмкін бе?

Фото: Ашық дереккөз

«Қайталама толқуларға қатысты ғылыми сейсмология орталығының комиссиясы жиын өткізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша сейсмологтар болжамдық комиссияның қорытындысын жариялайды», делінген хабарламада.

Хабарланғандай, белгіленген өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес барлық тиісті мемлекеттік органдарға жедел түрде хабар берілген. Қалада ықтимал зақымданулар мен бұзылуларды анықтау, сондай-ақ, өмірді қамтамасыз ету нысандарының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр.

Жер сілкінісінен кейін қалада ТЖМ психологтары жұмыс істейтін «жедел желі» ашылды

Бұған дейін, Алматыда 4 желтоқсан сағат 12:45 шамасында жер сілкінгенін хабарлаған едік.

Қалалық әкімдік барлық хабарландыру жүйелері штаттық режимде жұмыс істегенін атап өтті. Тұрғындарға Mass Alert жүйесі арқылы ескерту жолданып, қаладағы дабыл жүйелері іске қосылған. Сауда орталықтарында, қоғамдық орындарда, мектептер мен колледждерде эвакуация жүргізілген.