Мультимедиа • Бүгін, 10:02

Қазақстанда балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін мультфильм шығарылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында кешенді жұмыс жалғасып келеді. Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ұлттық Банк бірлесіп, балаларды ақшаны дұрыс игеруге баулитын анимациялық фильм әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін мультфильм шығарылды

Фото: orleu-edu.kz

«Қаржы әлемі» – 12 бөлімнен тұратын, ормандағы шағын қалада өмір сүретін мектеп оқушылары туралы мультсериал. Әр бөлімде Барыс, Арқар, Құлан, Сілеусін, Тиін, Дала тышқаны және Кірпі секілді кейіпкерлер тап болатын қаржылық жағдаяттар баяндалады. Ақшаны ұтымды пайдалану, жинақтау, жоспарлау, еңбек, инфляция және инвестиция сияқты ұғымдар қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіріледі. Сонымен қатар, кейіпкерлердің оқиғалары арқылы қаржылық алаяқтық пен қаржы пирамидалары мәселелері көтеріледі және олардан қорғану жолдары көрсетіледі.

«Мультсериалдың басты ерекшелігі – күрделі экономикалық ұғымдарды қарапайым метафоралар арқылы балаларға түсінікті тілмен жеткізу. Әр бөлім балаларға түсінікті тілде жазылған, шынайы өмірге жақын және балаға ақшаны дұрыс жаратудың негіздерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мультсериал материалдарын оқу үрдісінде қолдануға болады», деді «Өрлеу» басқарма төрағасының орынбасары Марат Тұрашев.

Айта кетейік, биылдан бастап «Өрлеу» Ұлттық Банкпен бірлесіп педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курстар ұйымдастыруға кірісті.

з

щ

щ