Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, отандық ірі фармкомпаниялар Тегін медициналық қызметтердің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде препараттарды тұрақты жеткізіп келеді. Олар ұлттық дәрілік қауіпсіздікті нығайта отырып, нарықта белсенді жұмыс істеп жатыр.
ДДҰ бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан 8 негізгі индикатор бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болды. Сондай-ақ дамушы елдер үшін ең жоғары жетілудің 3 деңгейін растауға көшіп жатыр. 2026 жылдың бірінші жартысында бұл мәртебе ресми түрде танылады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар, жаңа заманауи зертханалық кешен құрылып жатыр. Ол дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды күшейтеді және отандық өндірушілерге халықаралық нарықтарға сенімді түрде шығуға септеседі.