«Сәтті қадам» жобасы Қазақстанда 2013 жылдан бері жүзеге асып келеді. «Нұр Отан» партиясы алға қойған бұл мәселеге ЖОО мен арнайы оқу орындарын тәмамдаған жастар шақырылады. Жобаның басты мақсаты – еліміздегі ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарында тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру. Жоба қатысушыларды іріктеу, сұхбаттасу, сондай-ақ, тренингтер арқылы кәсіби біліктіліктері мен жеке мүмкіндіктерін қалыптастыруды көздейді.
Астана қаласының ұйымдастыру комитеті ағымдағы жылдың тамыз айында «Сәтті қадам» жобасының жаңа кезеңінде құжаттарды қабылдау науқанын аяқтады. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 1000-нан аса өтініштер қабылданды. Астана қаласында сұхбаттасуға 192 адам өтті. Қатысушылар үшін сұхбаттасу 11-13 тамыз аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/1 «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты ғимаратында өтеді. Анықтама телефоны: 8 (7172)707-684.
«Жас Отан» ЖҚ төрағасы Нұрлан Сыдықов былай дейді: «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы – жас мамандар үшін тиімді әлеуметтік саты болып табылады. Бағдарлама жастарға кәсіби жағынан және тұлға ретінде қалыптасуына, аяққа нық тұруына септігін тигізіп, еліміздің алдыңғы қатарлы ұйымдарында тәжірибе жинақтауларына көмектеседі».
«Жас Отан» ЖҚ аталмыш жобаны іске асыра отырып, Елбасы ұсынған 5 институттық реформаны жүзеге асыруға өз үлесін қосады. Жоба бойынша жұмыс тапқан қатысушылар соның дәлелі.
«Егемен-ақпарат».

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10