Фото: t.me/qr_tjm
Ведомствоның мәліметінше, жалпы ауданы 25 шаршы метр болатын тұрмыстық заттар өртенген.
«ТЖМ құтқарушылары өрттің басқа бөлмелерге таралуына жол бермей, тез арада сөндірді», делінген хабарламада.
Түтіннен уланудың алдын алу мақсатында құтқарушылар 30 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялаған. Тұрғындарға жылы көлік ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ.