Фото: pixels.com
Автонарықта несие шарттары жақсарғандықтан сұраныс та артқан. Банктер мен автодилерлер акция ұсынып, бағдарлама санын көбейтті. Қарыз алышулар автомобильді тек жүріп-тұру үшін емес, жеткізу, такси және шағын бизнес сияқты салаларда табыс құралы ретінде пайдаланды. Бұл қаржылық шарттар қиындағанына қарамастан тұрақты сұранысты қалыптастырды.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы аналитиктерінің айтуынша, өтінім бергендердің саны нақты берілген несиелерге тікелей әсер етті. Автонесие бөлшек несие сегменттері арасында жаңа несие рәсімдеу бойынша өсім көрсетті. Былтырғыдан (35 %) 47%-ға жоғары.
Автокредиттің орташа мөлшерлемесі жылдың алғашқы жартысында төмендеп бара жатты, бірақ акциялар аяқталып, қаржыландыру құны өсіп, жүйедегі жалпы мөлшерлеме өскендіктен 2025 жылдың басындағы деңгейге оралды.
Соңғы 9 айда мақұлданған өтінім үлесі 16.5%-дан 17.5%-ға жетті, бұған жалақының өсуі (+11.3 %) және жұмысы бар адамдардың (+103 мың) көбеюі әсер етті. Кейбір қарыз алушының төлем қабілеті жақсарып, банк талабына сәйкес келді. Дегенмен бұл рәсімделген бөлшек несие көрсеткішінің орташа деңгейінен (27.1 %) айтарлықтай төмен.
Қауымдастық уақытылы төленбеген автонесиенің үлесі (3.3 %) бөлшек несие көрсеткішінің орташа деңгейінен (4%) кем екенін атап өтті. Бұл қарыз алатын адамдардың сенімді екенін көрсетеді. Көлік кепілде тұрғандықтан олар несиесін уақытында төлеуге тырысады, төлемей қою қаупі азаяды.
Биылғы 9 айда елдегі зауыттар 106.7 мың көлік (былтырғы осы кезеңде – 91 мың) жасады, нәтижесі автонесиеге оң ықпалын көрсетті. Жалпы тіркелген көліктердің ішінде Қазақстанда шыққандардың үлесі 6-дан 11%-ға өсті.
Аналитиктер төртінші тоқсанда автонесиеге сұраныс төмендейді деп болжады. Бұған наурызда базалық мөлшерлеменің 15.25%-дан 16.5 %-ға, кейін қазанда 18%-ға жоғарылауы және қарыз алушыларға қойылатын талаптардың қатаңдауы себеп болған. Жаңа автолизинг бағдарламасы жағдайды жақсартуы мүмкін.
Айта кетейік, елімізде 12 қарашадан бастап жеке тұлғаға арналған автолизинг ресми түрде іске қосылды. Енді ел азаматтары автокөлікті лизинг арқылы рәсімдеп, оны белгілі бір мерзім пайдаланғаннан кейін толықтай сатып алу немесе компанияға қайтарып беру мүмкіндігіне ие болады.