Жақында Арменияның туристік орталықтарының бірі – Цахкадзор қаласында Қазақстанның Армениядағы елшілігінің бастамасымен және «Еуропалық интеграция» үкіметтік емес ұйымының (ҮЕҰ) қолдауымен «Қазақстан мен Арменияның туристік әлеуеті: тәжірибе, келешек, ынтымақтастық» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараға жергілікті сарапшылық топтардың, қазақстандық және армяндық туристік ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының уақытша сенімді өкілі Қанат Хасенов конференцияны аша отырып, Қазақстандағы туризмді дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып, Қазақстандағы Қысқы Универсиада – 2017 және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі сияқты елде өтетін халықаралық іс-шараларды атап өтті. Қазақстандық дипломат, сондай-ақ, конференцияға қатысушыларды мемлекеттің, экономиканың және қоғамның сатылы жаңғыру бағытының негізін қалайтын Президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды.
Конференцияда Армения Экономика министрлігінің өкілі Мехак Апресян сөз алып, Қазақстан тарапы ұсынған тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін атап, Арменияның туризмді тамыту саласындағы тәжірибесі туралы баяндады және екі ел арасында осы бағытта ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды. Қазақстан экотуризм бойынша ақпараттық ресурстық орталығының үйлестірушісі Айгүл Исағұлова жиынға қатысушыларды Қазақстанның зор туристік мүмкіндіктерімен, сондай-ақ, еліміздегі туризмді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасымен жан-жақты таныстырды.
Қазақстандық туристік ассоциациясы ішкі және келушілер туризмінің басшысы Раушан Сартаева армяндық аудиторияны еліміздің туризм индустриясының қазіргі ахуалы, шетелде туристік өнімді ілгерілету жөніндегі бірлескен жобаларды құру мүмкіндіктерін айтып берді.
Ал өз кезегінде Арменияның экономикалық интеграция бойынша сарапшысы Лусине Тумян Арменияның ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесіне байланысты екі ел арасында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, Қазақстан тарапының ұйымдастыру жұмыстарын жоғары бағалады.
Жиын соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың армян тілінде басып шығарылған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы туралы материалдар таратылды.
«Егемен-ақпарат».

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10