Инфрақұрылым • Бүгін, 12:48

Қайтарылған активтер есебінен ауылдарда ауыз су құбыры салынып жатыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Арал ауданында прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Тоқабай және Абай елді мекендерінде ауыз су құбырының құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қайтарылған активтер есебінен ауылдарда ауыз су құбыры салынып жатыр

Сонымен қатар, Ерімбетжаға ауылын орталықтандырылған су құбыры желісіне қосу жұмыстары да аяқталуға жақындады.

Осыған дейін бұл ауылдағылар ауыз суды жер асты құдықтарынан алып, кейбірі шалғай орналасқан елді мекендерден тасып келген. Аталған жобалардың іске асырылуы үйлерді орталықтандырылған су жүйесіне қосуға мүмкіндік беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттырып, өңір инфрақұрылымының одан әрі дамуы мен жаңғыртылуын қамтамасыз етпек. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ауданда бүгінде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау және сумен жабдықтау бойынша алты әлеуметтік нысан салынып, құрылыс пен қаражаттың мақсатты жұмсалуы прокуратураның тұрақты бақылауында тұр.